Қазақстан пара жүзушілері Азия ойындарында күміс алды
Қазақстан құрамасы жүзуден V Азия Пара ойындарында 4×50 метрге еркін стильде аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада отандастарымыз екінші орынды иеленді. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті.
Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті.
Жарыста Қытай құрамасы 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Таиланд өкілдері 2 минут 54,64 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.




