Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада 4 жасар қызды көлік қағып кетті: миы шайқалған

Астанада 21 қазан күні 4 жасар қызды Toyota көлігі қағып кетті. Бүлдіршін миы шайқалуымен облыстық ауруханаға жеткізілді, тергеу жүріп жатыр.

Астанада 4 жасар қызды көлік қағып кетті: миы шайқалған
Сурет: aikyn.kz

Ақмола облысының полиция департаменті Астанадағы облыстық ауруханаға жеткізілген төрт жасар қыздың жол-көлік оқиғасына қатысты ақпаратты растады. Оқиға 21 қазан күні күндізгі сағат 11:00 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Республика көшесімен келе жатқан Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Куәгерлер көліктің кішкентай қызды бүйір айнасымен іліп кетуі мүмкін екенін айтады, алайда бұл ақпарат ресми түрде нақтыланбаған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен төрт жасар бала медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала мәліметте бүлдіршіннің миы шайқалғаны айтылған. Қазір қыз Астанадағы облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында», – деді Ақмола облысының полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге белгісіз.