Қанат Әлжаппаров жұбайының Тұрсынбек Қабатов туралы әзілін жеткізді
Әзілкеш Қанат Әлжаппаров концертте жұбайының Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан астарлы әзілін жеткізді. Әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Әзілкеш Қанат Әлжаппаров концерт барысында жұбайы Нұргүлдің Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан астарлы әзілін көрерменге жеткізді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
Қанат Әлжаппаров әріптесі Тұрсынбек Қабатовты өнерде ғана емес, өмірде де ұстазы санайтынын айтты. Алайда жұбайына бұл сөзі ұнамаған көрінеді.
«Мен әрқашан айтып жүремін, Тұрсынбек Қабатов – менің өнердегі, өмірдегі ұстазым. Осылай десем, келіншегім Нұргүл «Өмірдегі деп айтпашы. Өнердегі ғана ұстазың болсын, өмірде саған сабақ бермесін. Өмірде бірдеңеге миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесемін. Ешкімнен ақыл сұрамашы. Астанаға мүлде бармашы» деді ғой», – деп әзілдеді Қанат Әлжаппаров.
Әзілкештің әңгімесі мен тапқырлығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.




