Еркетаң Жарқынбек U19 әлем чемпионатында мексикалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Еркетаң Жарқынбек алғашқы жекпе-жегін өткізді.
90 келі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз 1/8 финалда Мексика өкілі Рамиро Нунезбен кездесті. Үш раунд бойы Еркетаң толық басымдық танытып, жоғары қарқынын сақтап қалды.
Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Еркетаң Жарқынбек әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңіспен аяқтады.




