Мақпал Жүнісова өзбек әншісі Юлдуз Усмановамен кездесті
Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен өзбек әншісі Юлдуз Усманованың кездесуі әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада көрініс тапты.
Бейнежазбада Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың домбырамен орындайтын әндерін сүйіп тыңдайтынын айтады. Сонымен қатар ол әріптесінен әндерінің бірін орындауға ниетті екенін жеткізген.
Екі әнші алдағы концерттерге қатысты жоспарлары туралы пікір алмасқан.
Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, аңызға айналған екі әншіге жылы лебізін білдіріп жатыр.
Юлдуз Усманова еліміздің бірнеше қаласында концерт өткізгені белгілі.




