Орталық Азияның үздік 20 компаниясының 13-і Қазақстандікі
Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның 13-і қазақстандық бизнес өкілдері. Алғашқы жеті орынды да отандық компаниялар иеленді.
Орталық Азиядағы ең ірі жиырма компанияның он үшеуі отандық бизнес өкілдері болып шықты. Бұл туралы аймақтық рейтинг деректері көрсетіп отыр.
Аталған тізімнің алғашқы жеті орнын да қазақстандық компаниялар иеленген. Рейтингке мұнай-газ және қаржы саласының алпауыттарымен қатар, финтех пен жаңа технология бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар енген.

Көш басында «ҚазМұнайГаз», Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп», Freedom, Halyk Bank, Solidcore және Higgsfield компаниялары тұр.
Рейтинг қазақстандық бизнестің ауқымы кеңейіп, экономиканың әртүрлі саласында ірі ойыншылар қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұрын ел экономикасындағы жетекші орын көбіне шикізат өндіруші компанияларға тиесілі болса, бүгінде қаржы, инвестиция және технология саласындағы кәсіпорындар да өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін танытып отыр.




