Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
21 қазан 2026, сәрсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада «Sheber» цифрлық платформасы таныстырылады

Астанада «Sheber» цифрлық платформасы таныстырылады
Сурет: aikyn.kz

Астанада 2026 жылдың 22 қазанында отандық қолөнерді қолдауға арналған «Sheber» цифрлық платформасының ресми таныстырылымы өтеді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

«Sheber» — Қазақстанның қолөнер өндірісі мен кәдесый индустриясының бірыңғай экожүйесін құратын цифрлық шешім. Жоба отандық шеберлерге өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуге, сатып алушылармен, ірі сауда желілерімен және әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Бастама ұлттық мәдени мұраны дәріптеу мен цифрландыруды, креативті экономиканы жандандыруды, қолөнершілердің табысын арттырып, олардың үлкен нарыққа шығуына жағдай жасауды көздейді.

Таныстырылым Қабылдау үйінде өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, даму институттарының, іскерлік қауымдастықтардың, сауда желілерінің өкілдері және еліміздің барлық өңірінен келген қолөнершілер қатысады.