Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Маңғыстау жағалауынан 173 бекіре өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы жағалаудан бекіре тұқымдас 173 балықтың өлексесі табылды. Қырылу себебі әзірге белгісіз, арнайы комиссия құрылған.

Маңғыстау жағалауынан 173 бекіре өлексесі табылды
Сурет: aikyn.kz

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, «Саржа» аумағы мен Құмды аралының арасындағы жағалаудан бекіре тұқымдас 173 балықтың өлексесі табылды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Өлекселер 20 қазанда сағат 11:00 шамасында бірлескен рейд барысында анықталған. Балықтардың жаппай қырылу себебі әзірге белгісіз.

Сурет: aikyn.kz

Мамандар өлекселердің әбден кеуіп кетуіне байланысты зертханалық талдау үшін жұмсақ тіндерінен сынама ала алмаған. Сондықтан қырылу себебін анықтау қиын болып отыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шараларды ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылған. Балықтардың өлекселері белгіленген тәртіппен жиналып, тасымалданған. Экология департаментінің мамандары теңіз суынан зертханалық талдауға сынама алған.

Инспекцияның мәліметінше, бұған дейін де бекіре тұқымдас балықтардың өлекселері теңіз толқынымен жағаға шығарылған жағдайлар болған. Қазір теңіздегі мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.