Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойын Тараздан бастады

Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойын Тараздағы концерттен бастады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әншіні құттықтады.

Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойын Тараздан бастады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев биыл 50 жасқа толады. Осы мерейтойға орай ол еліміздің бірнеше қаласында концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Шығармашылық кештерін өнер иесі туған жерінен бастады. Таразда өткен концертіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, әншіні құттықтады.

«Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші туған жері – Әулиеатадан басталды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді. Қоңыр дауысымен талай жүректі тербеген Мейрамбек Беспаев «Бозторғай» әнімен бала кезінен елге танылып, бүгінде қазақ өнерінің төрінен орын алған дара тұлғаға айналды. «МузАРТ» тобымен бірге ұлттық эстраданың дамуына үлес қосып, кейінгі буын өнерпаздарға да жол ашып келеді», — деп жазды әкімнің баспасөз қызметі.

https://www.instagram.com/p/Den5sZxIWh6/