Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шымкентте бес қабатты үйден екі баланың мәйіті табылды

Шымкенттің «Восток» шағын ауданындағы бес қабатты үйден екі баланың мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Газ нұсқасы расталмады.

Шымкентте бес қабатты үйден екі баланың мәйіті табылды
Сурет: baq.kz

Шымкент қаласындағы «Восток» шағын ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен төрт жасар бала мен 15 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы 19 қазанда белгілі болды.

Сонымен қатар, тағы үш адам дәрігерге қаралып, ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

Алғашқы болжамдардың бірі газдың таралуы болған. Алайда оқиға орнына келген мамандар пәтерден көміртегі тотығын таппаған.

«Біздің апаттық бригада қызметкерлері өлшеу жұмыстарын жүргізді. Көміртегі тотығының концентрациясы анықталған жоқ. Түпкілікті қорытындыны сараптамалар жүргізіліп, тергеу аяқталғаннан кейін ғана жасауға болады», – деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі белгісіз. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілуі мүмкін.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Шымкенттің осы «Восток» шағын ауданында тағы бір қайғылы оқиға болып, үш адам қаза тапқан. Ол кезде марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала қарастырылған нұсқалардың бірі газдың таралуы болған.