Диас Кенжебек Азия Пара ойындарында алтын алып, Азия рекордын жаңартты
Қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек V Азия Пара ойындарында 100 метрге шалқалай жүзуден алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты.
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық жүзуші Диас Кенжебек S10 санатында 100 метрге шалқалай жүзу финалында жеңіске жетті. Ол мәреге 1 минут 1,98 секунд нәтижемен бірінші болып жетіп, Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.
Сол күні, 20 қазанда, Диас SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт көрсетіп, күміс медальға қол жеткізді.
Бұл Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Диас Кенжебектің жалпы еншісінде үш медаль бар: бұған дейін ол 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған болатын.




