Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +4° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Тоқаев Ақтоғай мыс зауытын стратегиялық жоба деп атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысып, жобаны стратегиялық маңызды деп атады.

Тоқаев Ақтоғай мыс зауытын стратегиялық жоба деп атады
Сурет: aikyn.kz

Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы салтанатты рәсімге қатысып, сөз сөйледі.

Президент жаңа зауытты ел экономикасын өркендетуге тың серпін беретін аса маңызды жобалардың бірі деп бағалады. Оның айтуынша, тау-кен металлургиясы мемлекет үшін стратегиялық сала болып қала береді.

«Мен былтыр халыққа Жолдауымда осы мәселеге арнайы тоқталдым, нақты міндеттерді айқындадым. Сондықтан жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істеліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басқанын атап өтті. «Біз біртұтас әрі жасампаз жұрт болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз. Ең бастысы, жарқын болашағымызға бағдар болатын Конституциямызды қабылдадық. Конституцияда ұлтымыздың мызғымас құндылықтары мен қағидаттары толық көрініс тапты. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру стратегиялық міндет ретінде айқындалды. Осындай өндірістік жобалар, ең алдымен, еліміздің игілігін арттыруды көздейді», – деді ол.