Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
21 қазан 2026, сәрсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарында алтын жүлдегер атанды

Қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарында 81 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарында алтын жүлдегер атанды
Сурет: aikyn.kz

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қазақстандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта финалда Ким Донхунды иппонмен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сол салмақ дәрежесінде Ғалымжан Смағұлұлы Иран өкілі Реза Голамиді жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Алайда қола жүлде үшін белдесуде сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңіп, қола медаль алды.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында төрт алтынды қоса есептегенде 20 медаль бар.