Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
21 қазан 2026, сәрсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ибраһим Нұрмаханұлы Жапониядағы Азия Пара ойындарында алтын алды

Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапониядағы V Азия Пара ойындарында J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Ибраһим Нұрмаханұлы Жапониядағы Азия Пара ойындарында алтын алды
Сурет: baq.kz

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы чемпион атанды. Ол J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

Нұрмаханұлы бұған дейін де жоғары нәтижелерге қол жеткізген: 2025 жылы Азия чемпионы атанса, 2026 жылы пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.

Бұған дейін Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алғаны туралы хабарланған.