Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
21 қазан 2026, сәрсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында 192 келіні көтеріп, рекорд орнатты

Қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында 54 келіге дейінгі салмақта 192 келіні көтеріп, жаңа рекорд орнатып, алтын медаль жеңіп…

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында 192 келіні көтеріп, рекорд орнатты
Сурет: aikyn.kz

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Спортшы бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 192 келіні көтерді. Бұл нәтиже Азия Пара ойындарының жаңа рекорды ретінде тіркелді.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.