Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Tesla Roadster жаңа трюктерді өздігінен орындай алады

Tesla Roadster жаңа трюктерді өздігінен орындай алады
Сурет: baq.kz

Tesla компаниясының басшысы Илон Маск электрлі Roadster спорткарының жаңа мүмкіндіктерін таныстырды. Оның сөзінше, көлік жетілдірілген басқару жүйелерінің арқасында күрделі трюктерді өздігінен орындай алады. Маск бұл жүйелерді бейнелі түрде «сана» деп атады.

Сонымен қатар Маск Техас штатындағы компанияның штаб-пәтері жанынан арнайы трасса салынатынын мәлімдеді. Оның жоспары бойынша, онда тұйық ілмектер мен күрделі бұрылыстар болады. Бұл полигон электрокөлік иелеріне көліктің мүмкіндіктерін экстремалды жағдайда сынап көруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған Roadster 16 қазанда таныстырылды. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – SpaceX компаниясымен бірлесіп әзірленген реактивті қозғалтқыштар. Олардың көмегімен көлік қысқа уақытқа жерден көтеріле алады және ауада өз қалпын өзгерте алады.

Көрсетілім кезінде автомобиль бірнеше күрделі трюк орындады. Атап айтқанда, ауада төңкеріліп, айналып, кейін қайтадан дөңгелектерімен жерге қонды.