Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанның ауыл шаруашылығы экспорты: өңделген өнім үлесі артып келеді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы экспорты: өңделген өнім үлесі артып келеді
Сурет: baq.kz

Қазақстан күнбағыс күнжарасын экспорттау жөнінен Еуропалық одақ пен Қытайға жеткізетін үш ірі елдің қатарына енді. Сонымен қатар, ел Орталық Азияның осы өнімге деген сұранысының басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Астық саласында да өсім байқалады: бидай экспорты 26,5%-ға артылып, 1,25 млрд АҚШ долларына жетті. Шетелге 5,5 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға көп.

Астықты терең өңдеу өнімдерінің экспорты да ұлғайды. Бидай және бидай-қарабидай ұны экспортының түсімі 36%-ға өсіп, 400 млн АҚШ долларын құрады, ал өнім көлемі 22,8%-ға артып, 1,38 млн тоннаға жетті.

Зығыр тұқымының экспорты сегіз айда 2,3 есе өсіп, 387,8 млн АҚШ долларына жетті. Шетелге жөнелтілген өнім көлемі 2,5 есе ұлғайып, 780,8 мың тоннаны құрады.

Жануарларға арналған дайын жемшөп өнімдерінің экспорты 60,8%-ға артылып, 577,6 млн АҚШ долларына жетті, ал өнім көлемі 44,2%-ға өсті.

Жалпы, күнбағыс майы, ұн және жануарларға арналған дайын жемшөп өнімдерінің экспорты 1,65 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы үш аталым бойынша экспорттық түсім 48%-ға артқан.

Бұл Қазақстан экспортының құрылымы біртіндеп өзгеріп, қосылған құны жоғары өңделген өнімдердің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді. Яғни еліміз ауыл шаруашылығы шикізатын сыртқа сатумен ғана шектелмей, дайын өнімге айналдырып, халықаралық нарықтағы орнын нығайта түсті.