Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қасымбай Ташкентте қарсыласын нокаутпен жеңді, Жұмағұлов ұтылды

Мұратбек Қасымбай Ташкенттегі IBA Nomad 16 турнирінде Залимхан Юсуповты нокаутпен жеңді. Жалғас Жұмағұлов төрешілер шешімімен ұтылды.

Қасымбай Ташкентте қарсыласын нокаутпен жеңді, Жұмағұлов ұтылды
Сурет: aikyn.kz

Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде қазақстандық боксшы Мұратбек Қасымбай Залимхан Юсуповты нокаутпен жеңді. Жекпе-жектің екінші раундында Қасымбай қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, алайда Юсупов орнынан тұрып, кездесуді жалғастырды. Үшінші раундта тағы екі рет нокдаун тіркелгеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл Мұратбек Қасымбайдың екі жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Мұхаммед Хейбатимен кездесіп, тең түскен болатын.

Осы турнирде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов қарсыласы Асрор Акбарходжаевтан төрешілер шешімімен жеңілді. 25 жастағы Акбарходжаев бұған дейін Hardcore ұйымында өнер көрсеткен және Ресей мен Тәжікстанның атынан сынға түседі.

Бұл Жұмағұловтың жалаң жұдырықпен өткізген екінші жекпе-жегі болды. Ол сәуір айындағы алғашқы кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңген еді.