Мейрамбек Бесбаев Лондондағы Биг-Бен жанындағы суреттерін жариялады
Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында Ұлыбритания астанасында түсірілген жаңа фотоларын жариялады. Суреттерде ол Лондондағы әйгілі Биг-Бен мұнарасының жанында тұрған.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірді. Олар «Жолың болсын, аңыз адам!», «Аман жүріңіз!», «Сапарыңыз сәтті болсын!» деген мазмұнда пікірлер жазып, қолдау көрсетті.




