Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
17 қазан 2026, сенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жаңаөзенде жеті айлық сәби желдеткіштен ауыр жарақат алды

Жаңаөзенде жеті айлық сәби желдеткіштен ауыр жарақат алды
Сурет: aikyn.kz

Жаңаөзен қаласында жеті айлық нәресте металл желдеткішке саусақтарын тығып, ауыр жарақат алды. Бұл туралы травматолог-ортопед Нұрсұлтан Асқаров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, баланың екінші, үшінші және төртінші саусақтарының ұштары зақымданған. Медицина қызметкерлері жарақаттық ампутацияны анықтап, шұғыл хирургиялық көмек көрсетті.

Сәби травматология бөліміне жатқызылып, ем қабылдады. Кейін ол дәрігердің бақылауында болды.

Маман ата-аналарды балаларды қауіпті тұрмыстық заттардың жанында қараусыз қалдырмауға шақырды.