Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті салтанатты түрде қарсы алды.

Кездесу барысында екі көшбасшы өзара ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Камбоджаның әнұрандарын орындады.






