Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шағын және орта бизнес: 7 жылда жұмыспен қамту 4,53 миллионға жетті

Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 7 жылда 4,53 миллионға жетті. Саланың ЖІӨ-дегі үлесі 41 пайызға жуықтады.

Шағын және орта бизнес: 7 жылда жұмыспен қамту 4,53 миллионға жетті
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда шағын және орта бизнес саласы соңғы жеті жылда айтарлықтай өсім көрсетті. Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша, осы кезеңде аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 3,38 миллионнан 4,53 миллион адамға дейін ұлғайды.

Бұл көрсеткіш еліміздің еңбек нарығындағы жалпы жұмыспен қамтылғандардың 48,6 пайызын құрайды. Яғни әрбір екінші қазақстандық табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр.

Бүгінде Қазақстанда 2,2 миллион шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі де ұлғайып келеді: 2019 жылы бұл көрсеткіш 31,7 пайыз болса, биыл 41 пайызға жуықтады.

Сала құрылымында сауда басым – 35 пайыз. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында да өсім байқалады.

Шағын және орта бизнестің 48,1 пайызын әйелдер басқарады. Жеке кәсіпкерлер арасындағы үлесі – 52,6 пайыз, заңды тұлғалар арасында – 28,1 пайыз.

Дамыған елдерде жұмыспен қамтылғандардың 60 пайыздан астамы шағын және орта бизнеске тиесілі, ал жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 пайыздан кем емес. Қазақстан осы көрсеткіштерге жақындау жолында тұрақты қарқын көрсетіп келеді.