Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +4° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада жүзуден әлем кубогы: қазақстандықтар алты финалға шықты

Астанада жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңінде қазақстандық алты спортшы финалға шығып, екі ұлттық рекорд жаңартылды.

Астанада жүзуден әлем кубогы: қазақстандықтар алты финалға шықты
Сурет: aikyn.kz

Астанада жүзуден әлем кубогының қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінің іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты мүшесі финалға жолдама алды, сонымен қатар екі ұлттық рекорд жаңартылды.

50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя 21,31 секунд көрсетіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Ол кешкі сессиядағы финалда жүзеді.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екі қазақстандық финалға өтті: Әділбек Мусин – 51,42 секунд, Максим Сказобцов – 51,53 секунд (іріктеуде сегізінші орын).

Айбат Мырзамұратов 200 метрге брасс әдісімен 2:07,15 секунд көрсетіп, іріктеуді бесінші орынмен аяқтады. Егор Попов 100 метрге кешенді жүзуде 54,64 секунд нәтижемен финалға жолдама алды. Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүлдеге таласады, оның іріктеудегі уақыты – 58,55 секунд.

Тағы бір ұлттық рекордты Ғалымжан Балабек жаңартты: 400 метрге еркін стильде 3:46,87 секунд көрсетіп, бір апта бұрын Ташкентте өткен әлем кубогы кезеңіндегі өз рекордын жақсартты.

Финалдық жарыстар бүгін, 16 қазанда, Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.