Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық маман ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» семинарына қатысуда

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 16 елден 29 өкіл қатысқан семинарда Қазақстан атынан Толқын Замзаева өкілдік етуде.

Қазақстандық маман ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» семинарына қатысуда
Сурет: aikyn.kz

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 16 мемлекеттен 29 өкіл мен бақылаушы жиналған семинарда Қазақстан атынан Ұлттық кітапхананың Ақпараттық ресурстар қызметінің басшысы Толқын Замзаева өкілдік етуде.

Іс-шара бағдарламасы халықаралық сарапшылардың дәрістері мен практикалық сабақтарын қамтиды. Қатысушылар құжаттық мұраны сақтау әдістерін, номинациялық өтінімдерді дайындау тәртібін және құжаттарды ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіліміне енгізу шарттарын үйренуде.

Жиында әр елдің осы саладағы тәжірибесі мен ұлттық жобаларына ерекше назар аударылды. Қазақстандық өкіл халықаралық сарапшыларға құжаттық мұраны сақтауға бағытталған отандық жобаларды таныстырды.

Семинар қазақстандық мамандардың шетелдік әріптестерімен кәсіби байланысын кеңейтуге, озық тәжірибелерді зерделеуге және еліміздің құжаттық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді.