Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада жаңа мұз айдыны саябағы 15 қарашада ашылады

Астанада мұз айдыны саябағы 15 қарашада ашылады. Жалпы аумағы 6 мың шаршы метр, мұз жолының ұзындығы 1 400 метр.

Астанада жаңа мұз айдыны саябағы 15 қарашада ашылады
Сурет: aikyn.kz

Елордада мұз айдыны саябағының ашылуы 15 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жаңа нысанның жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді алып жатыр, ал мұз жолының ұзындығы 1 400 метрге жетеді. Дәстүрлі мұз айдындарынан өзгешелігі – мұнда ұзын мұз жолдары, демалыс аймақтары, мерекелік жарықтандыру және келушілерге қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

Келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін жылы павильондар, коньки жалға беру пункттері, отбасылық демалыс аймақтары мен қоғамдық тамақтану орындары ашылады.

Мұз жабынының сапасын сақтау мақсатында кәсіби тоңазытқыш жабдықтары, арнайы мұз құятын техникалар және заманауи инженерлік жүйелер пайдаланылады. Сондай-ақ мұз бетінде түрлі визуалды әсерлер жасауға мүмкіндік беретін жарық және интерактивті технологияларды енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жоба жеке инвестициялар тарту және мұз инфрақұрылымын құру саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мұз айдыны саябағының алғашқы маусымы 2027 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.