Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мақпал Жүнісова марқұм жолдасының 2002 жылғы видеосын жариялады

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің 2002 жылғы шілдеханада түсірілген видеосын жариялады.

Мақпал Жүнісова марқұм жолдасының 2002 жылғы видеосын жариялады
Сурет: aikyn.kz

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады.

Әнші бұл бейнежазба 2002 жылы қызы Мерейдің шілдеханасында түсірілгенін айтты.

«Мерейдің шілдеханасынан естеліктер», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бейнежазбаны жылы қабылдап, естелік айтты.

«Ағамыздың шынайы болмысы осы видеода. Үлкені-кішісі, бастығы-өнер адамы — бәріне бірдей қарап, көңілі көлдей болып, күліп, құшағын ашып қарсы алатын», «Қандай жақсы адам болған, кішкентай балаларды да құрметпен қарсы алып жатыр, мен әкіммін деп шіреніп тұрған жоқ», «Есімізде осы әдемі дауысы мен жарқын бейнесімен қалды», «Қандай күшті естелік, кино көргендей қарап отырмын», – деп жазды оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/DedstC8Ryx-/