Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий дәлізі туралы келісімді алмасты
Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, оны алмасу рәсімі мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтті.
Бұл құжат жаһандық көлік-логистикалық тізбектер өзгеріске ұшыраған қазіргі жағдайда Орта дәліздің тұрақты жұмыс істеуі мен жан-жақты дамуына ортақ құқықтық негіз қалайды.
Келісім аясында тараптар инфрақұрылым қуатын кеңейтуді, бағыт бойындағы теміржол, автокөлік және порт аумақтарындағы әлсіз тұстарды реттеуді, сондай-ақ Каспий теңізінде түбін тереңдететін флот пен теңіз тасымалын бірлесіп дамытуды көздейді.
Құжаттың басты бөлігі көлік саласын кең көлемде цифрландыруға арналған. Ол ақпараттық жүйелерді біріктіруді, «бір терезе» қағидатын енгізуді, жүк қозғалысын толық бақылауды, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану туралы жеке келісім жасасуды қамтиды.
Сонымен қатар келісім өзара алдын ала ақпараттандыру, тексерулерді азайту және өкілетті экономикалық операторлар мәртебесін тану арқылы әкімшілік, шекаралық және кедендік рәсімдерді едәуір жеңілдетеді.




