Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Дариға Бадықова өткенді артқа тастап, бақытты бүгінге сенім білдірді

Дариға Бадықова өткенді артқа тастап, бақытты бүгінге сенім білдірді
Сурет: aikyn.kz

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі жазбасында өткен өмірімен өмір сүргісі келмейтінін мәлімдеді. Ол тек алға жылжып, бақытты күндердің келетініне сенгенін және сол күннің туғанын жеткізді.

Сонымен қатар үйлену тойында өзіне ән арнаған жолдасы, актер Олжас Абайға алғыс айтты.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арналды. Бұл ән – бүгінімнің бақыты. Бұл ән – жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі. Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет, Шампон!» – деп жазды актриса.