Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-приіне қатысады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтетін Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады. Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында өнер көрсетеді. Бұл бағдарламада барлығы 12 спортшы бақ сынайды.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған болатын.




