Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
23 қазан 2026, жұма USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Әли Оқапов ұлымен Дубайда: әкеден балаға жалғасқан естелік

Әнші Әли Оқапов әкесімен өткен балалық шағындағы Дубай сапарын еске алып, бүгінде өз ұлымен сол естеліктерді жалғастырып жүргенін айтты.

Әли Оқапов ұлымен Дубайда: әкеден балаға жалғасқан естелік
Сурет: aikyn.kz

Әнші Әли Оқапов балалық шағына қатысты естеліктерімен бөлісті. Ол әкесі Тасқын Оқаповпен бірге шетелге сапар шеккен кездерін еске алды. Қазір өзі де әке болып, ұлымен саяхаттағанда бала кездегі сәттер еріксіз ойға оралатынын айтты.

Сурет: aikyn.kz

«Кейбір сапарлар болады, олар жай ғана саяхат емес, жүрегіңе жақын естеліктерге қайта оралу сияқты… Мен Дубайға дәл осы ұлымның жасында әкеммен бірге келгенмін. Сол сапар әлі күнге дейін есімде. Әкемнің жанымда болғаны, бірге өткізген сәттеріміз… Бала кезімдегі сол естеліктер жадымда анық сақталыпты. Ал бүгін мен өз ұлыммен Дубайға қайта келдім. Ең қызығы — ұлым сол кезде мен қандай жаста болсам, қазір дәл сол жаста. Оған қарап отырып, кейде өзімді кішкентай бала кезімде көргендей боламын. Бір кездері әкемнің жанында жүрген бала едім, ал бүгін өзім әкемін. Уақыттың қалай тез өтетінін осындай сәттерде ерекше сезінеді екенсің. Кезінде әкеммен бірге жинаған естеліктерімнің енді ұлыммен жалғасып жатқаны — мен үшін баға жетпес сезім. Бәлкім, ол бұл сапарды қазір толық есінде сақтамас, бірақ бір күні осы суреттерге қарап, өзінің де осындай әдемі балалық шағы болғанын сезінсе екен деймін. Әкеден балаға жалғасатын сәттер бар. Бүгін соның бірін өз жүрегіммен сезініп жүрмін», — дейді ол.