Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
17 қазан 2026, сенбі USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада Интерпол кеңесі өтті: 9 елдің делегациялары бас қосты

Астанада Интерпол кеңесі өтті: 9 елдің делегациялары бас қосты
Сурет: aikyn.kz

Астанада Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегацияларының, сондай-ақ Интерполдың Бас хатшылығы өкілдерінің қатысуымен халықаралық кездесу өтті.

Іс-шара барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық іздестіру, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, ақпарат алмасу және Интерполдың құралдары мен дерекқорларын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Кеңестің Астанада өткізілуі Қазақстанның халықаралық және өңірлік полиция ынтымақтастығын дамытудағы белсенді рөлін айқындайды.

Кездесу аясында қазақстандық тарап Интерпол мүмкіндіктерін пайдалану бойынша тәжірибесін таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар Орталық Азия бойынша өңірлік іс-қимыл жоспарын талқылады. Құжат құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді одан әрі нығайтуға және заманауи трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған.