Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Франция мектебінде 14 жасар оқушы оқ атып, директор мен мұғалімді жаралады

Францияның Обань қаласында 14 жасар оқушы мектепте оқ атып, директор мен мұғалімді жаралады. Күдікті ұсталып, тергеу басталды.

Франция мектебінде 14 жасар оқушы оқ атып, директор мен мұғалімді жаралады
Сурет: baq.kz

Францияның оңтүстігіндегі Обань қаласындағы Лаканал орта мектебінде дүйсенбі күні 14 жастағы оқушы атыс жасады. Ол мектепке гитара қапшығына жасырған аңшы мылтығын алып кіріп, бірнеше рет оқ атқан. Мектеп қызметкері оны тоқтатып, полицияға тапсырды.

Атыс салдарынан 53 жастағы мектеп директоры аяғы мен белінен, 37 жастағы мұғалім жамбасынан жарақат алды. Тағы бір адам жеңіл жарақаттанды. Зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ. Оқушылардың ешқайсысы зардап шекпегенімен, оқиғадан кейін оларға психологиялық көмек көрсетілді.

Марсель прокуратурасы адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Француз БАҚ-тарының мәліметінше, күдіктінің әкесі үйін тінту кезінде қару табылған соң қамауға алынды.

Оқиғаға байланысты мектеп уақытша жабылады. Франция президенті Эммануэль Макрон зардап шеккендерге қолдау білдіріп, мектеп қызметкерлерінің әрекетін жоғары бағалады.