Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 қазан 2026, жексенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +10° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Марстағы алып бұлттың сыры ашылды: ғалымдар жаңа физикалық үдерісті анықтады

Еуропа ғарыш агенттігінің зерттеуі Марстағы Арсия тауы маңында пайда болатын алып бұлттың қалыптасуын түсіндірді. Су буы шаңсыз мұзға айналады.

Марстағы алып бұлттың сыры ашылды: ғалымдар жаңа физикалық үдерісті анықтады
Сурет: aikyn.kz

Марс бетінде күн сайын пайда болып, бірнеше сағаттан кейін жоғалып кететін алып бұлттың қалыптасу механизміне қатысты зерттеушілер жаңа түсінікке қол жеткізді. Еуропа ғарыш агенттігі жүргізген зерттеу бұл құбылыстың табиғатта бұрын байқалмаған физикалық үдеріске негізделгенін көрсетті.

Ғалымдардың назарын Арсия тауының маңында пайда болатын ұзын ақ бұлт аударды. Оның ұзындығы кейде 1800 шақырымға жетеді. Бұл бұлт Марстың оңтүстік жартышарында көктем мен жаз мезгілдерінде байқалады. Ол биіктігі шамамен 20 шақырым болатын Арсия жанартауының ық жағында пайда болып, бірнеше сағат бойы созылады да, кейін буланып жоғалады.

Құбылысты компьютерлік модель арқылы түсіндіру әрекеттері бастапқыда сәтсіз болды: алғашқы есептеулер нақты бақылау нәтижелерімен үйлеспеді. Алайда модельге су буының шаң түйіршіктерінің көмегінсіз тікелей мұз кристалдарына айналу мүмкіндігін енгізгеннен кейін ғана бұлттың қалыптасуын түсіндіру мүмкін болды.

Әдетте атмосферадағы су буы сұйық тамшыға немесе мұз кристалына айналу үшін шаң, тұз немесе басқа да ұсақ бөлшектер қажет. Ал Марстағы ерекше жағдайда су буы мұндай бөлшектерсіз-ақ мұзға айнала алады.

Ғалымдардың есептеуінше, жанартау маңындағы ауа ағыны ылғалды бірнеше минут ішінде бірнеше шақырым биіктікке көтереді. Соның әсерінен температура небәрі он минутта 30 градусқа төмендеп, су буы мұз кристалдарына айналады.