Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 қазан 2026, жексенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +11° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сәкен Бибосынов жаттығуда омыртқасын жарақаттап, ауруханаға түсті

Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде омыртқасын жарақаттап, ауруханаға түсті. Ол 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

Сәкен Бибосынов жаттығуда омыртқасын жарақаттап, ауруханаға түсті
Сурет: aikyn.kz

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы әрі Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу барысында омыртқасын жарақаттап, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парағында хабарлады.

Журналистің 10 қазанда жариялаған ақпаратына сәйкес, боксшы 9 қазанда жаттығу кезінде ауыр жарақат алған. Салдарынан ол 29 қазанда Тараз қаласында басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

«Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деп жазды Аслан Қаженов.

Әзірге спортшының омыртқасы қалай жарақаттанғаны, денсаулық жағдайы мен емделу мерзімі туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да жарақаттың нақты сипатына қатысты ресми мәлімет табылмады.