Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 қазан 2026, жексенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Үш айдағы ең күшті магниттік дауыл: G3 деңгейі тіркелді

10 қазанда басталған магниттік дауыл G3 деңгейіне жетті. Бұл үш айдағы ең күшті дауыл. Полярлық шұғылалар 50 градус ендікте де көрінуі мүмкін.

Үш айдағы ең күшті магниттік дауыл: G3 деңгейі тіркелді
Сурет: baq.kz

10 қазанда басталған магниттік дауыл G3 деңгейіне жетті. Бұл — геомагниттік белсенділіктің бес деңгейлік шкаласы бойынша күшті дауыл. Аталған құбылыс жарқын полярлық шұғылалармен қатар жүреді және тағы бір тәулікке созылуы мүмкін.

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.

Соңғы рет осындай деңгейдегі магниттік дауыл 2026 жылғы 4 шілдеде байқалған. Мамандардың мәліметінше, қазіргі геомагниттік бұзылуларға апта басында болған күшті күн жарқылынан бөлінген плазма бұлттары себеп болған.

Болжам бойынша, Жердің магнит өрісіндегі ауытқулар шамамен тағы бір тәулікке созылуы мүмкін.

Магниттік дауыл кезінде полярлық шұғылалар әдеттегіден төмен ендіктерде де байқалуы ықтимал. Мамандардың дерегіне сәйкес, бұл жолы олар ендігі 50 градус шамасындағы аймақтардан көрінуі мүмкін.