Нью-Делиде сайлау комиссиясы төрағасының отставкасын талап еткен наразылық өтті
Үндістан астанасы Нью-Делиде сайлау комиссиясының төрағасы Гьянеш Кумарды қызметтен кетіруді талап еткен жастар наразылығы болып өтті. Полиция наразылыққа шыққан 2000-нан астам адамды, соның ішінде жастар қозғалысының жетекшілерін ұстады.
Шерудің алдын алу үшін билік елорда орталығын қоршауға алып, 57 метро станциясын жауып, мобильді интернетті уақытша өшірді. Қалаға мыңдаған полицей жұмылдырылды.
Наразылыққа сайлаушылар тізімінен шамамен 130 миллион жазбаның алынып тасталуы себеп болды. Оппозиция бұл өзгерістер премьер-министр Нарендра Модидің партиясына пайдалы болғанын алға тартты.
Алайда Үндістанның сайлау комиссиясы мен биліктегі партия бұл айыптауларды жоққа шығарды.




