Хайен: Сәтпаевтың жүктемесін біртіндеп арттыру қажет
«Бернли» бас бапкері Ники Хайен «Уотфордқа» қарсы матчтан кейін Дастан Сәтпаевтың ойынына тоқталып, жүктемені біртіндеп арттыру қажеттігін айтты.
«Бернли» бас бапкері Ники Хайен «Уотфордқа» қарсы ойыннан кейін қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді. Ол футболшының бірнеше матчты өткізіп алғанын, сондықтан алаңдағы жүктемесін біртіндеп көбейту керектігін атап өтті.
«Біз бапкерлер құрамымен ақылдасып, бүгін оған 20 минут ойнауға мүмкіндік бердік. Дастан жаттығуларда өзін өте жақсы көрсетті. Бүгін алаңға шыққаннан кейін қарсыласқа қауіп төндіре алатынын байқадық», – деді Хайен.
Сонымен қатар бапкер 13 қазанда «Чарльтонға» қарсы өтетін кездесуге Сәтпаевтың қатысуы әзірге белгісіз екенін жеткізді. Шешім футболшының дайындығы мен жарақатының қайталану қаупін ескере отырып қабылданады.
Айта кетейік, «Бернли» «Уотфордты» 4:0 есебімен жеңіп, Чемпионшиптегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.




