Бублик Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің екінші айналымында жеңді
Александр Бублик Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің екінші айналымында чехиялық Томаш Махачты 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Шанхайда өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші айналымнан сүрінбей өтті.
Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған және турнирде 19-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Томаш Махачпен (әлемнің 75-ракеткасы) шеберлік байқасты. ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, екі сетке созылған матч Бубликтің жеңісімен аяқталды — 6:4, 7:6 (7:4).
Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Александр 18 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі америкалық Брэндон Накашимамен кездеседі.




