Ерке Есмахан Селин Дионның Париж концертіне барып, жолдасына алғыс айтты
Әнші Ерке Есмахан Селин Дионның Париждегі концертіне барғанын әлеуметтік желіде жариялап, жолдасына алғыс айтты.
Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында Селин Дионның Париждегі концертіне қатысқанын жариялады. Ол концерттен ерекше әсер алғанын жеткізіп, жолдасына алғыс білдірді.
«Paris. 2026. Plenitude Arena. Celine Dion. Еуропадағы ең маңызды, тіпті тарихи оқиға! Селинді көзбен көріп, тірідей тыңдағаныма қуаныштымын! Осы жерде болғаныма бақыттымын! Шүкір! Селин Дион ауырып, ән салмай кеткен еді. 6 жылдық үзілістен соң үлкен турын Парижде жасап жатыр. Legend! RaiM, барлығы үшін рахмет!» – деп жазды Ерке Есмахан.




