Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 қазан 2026, сенбі USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +4° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ТМД-да 2028 жыл — әлеуметтік даму, 2029 жыл — көлік байланысы жылы

ТМД-да 2028 жыл — әлеуметтік даму, 2029 жыл — көлік байланысы жылы
Сурет: baq.kz

Түрікменстанда өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында 2028 жылды Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жылды ТМД-ның көлік байланысы жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылын жариялау бастамасын Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі көтерген. Бұл ұсыныс ТМД-ға мүше мемлекеттердің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесінде қолдау тапқан. Бастама Достастық елдерінің халықты әлеуметтік қолдау, еңбек нарығындағы белсенді шараларды дамыту, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру бағытындағы ынтымақтастығын нығайтуды мақсат етеді.

2028 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнаманы жетілдіру, пилоттық жобаларды іске асыру және халықты әлеуметтік қолдаудың озық тәжірибелерін тарату жоспарланып отыр. Сонымен қатар құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясат мәселелеріне арналған халықаралық форумдар мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

2029 жылды ТМД-ның көлік байланысы жылы деп жариялау туралы ұсынысты Түрікменстан енгізген. ТМД Атқарушы комитетінің мәліметінше, көлік байланысын дамыту инфрақұрылымды жетілдіруді, көлік түрлерінің жұмысын үйлестіруді, саланы цифрландыруды және тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды. Бұл шаралар экономикалық интеграцияны тереңдетуге, сыртқы сауда байланыстарын нығайтуға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге тиіс.