Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақмарал Әлназарова қайтыс болған соң ағзаларын донорлыққа беруге келісім берді

Ақмарал Әлназарова қайтыс болған соң ағзаларын донорлыққа беруге келісім берді
Сурет: aikyn.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа өткізуге ресми келісімін тіркеді. Бұл туралы министрдің өзі мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешімді бұрын қабылдаған, алайда көпшілікке енді ғана жария етіп отыр.

«Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндік беретін адамдарға өмірден өткен соң да көмектесудің бір жолы», – деп жазды министр.

Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, бүгінде 184 мыңға жуық қазақстандық eGov арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз шешімін тіркеген.

Қазір Қазақстанда 4 867 адам ағза трансплантациясын күтіп жүр. Оның 4 311-іне бүйрек, 314-іне бауыр, 30-ына өкпе, 12-сіне жүрек трансплантациясы қажет.

Министр қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту үшін қоғамның сенімі, ашық диалог және әр азаматтың саналы шешімі маңызды екенін атап өтті.