Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды

Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болып сайланды. Сайлау 12 қыркүйекте Таифте өткен ISSA Бас ассамблеясында өтті.

Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті қызметіне сайланды. Бұл шешім 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы барысында қабылданды.

Головкин 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамында Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде тағайындалды.

Сонымен қатар ISSA президенті болып Сауд Арабиясының спорт министрі, елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы, ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.

Геннадий Головкиннің ISSA басшылығына кіруі оның халықаралық спорт саласындағы қызметінің жаңа кезеңін айқындайды. Ол 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарып келеді.

2025 жылдың қарашасында Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланған болатын. Осылайша, ол Олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияны басқарған тұңғыш қазақстандық атанды.