Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Bloomberg: Ең бай он адамның бәрі — АҚШ азаматтары

Bloomberg рейтингінде алғаш рет әлемнің ең бай он адамының барлығы АҚШ азаматтары атанды. Тізімді 919 миллиард доллармен Илон Маск бастап тұр.

Bloomberg: Ең бай он адамның бәрі — АҚШ азаматтары
Сурет: aikyn.kz

Bloomberg рейтингінде тарихта тұңғыш рет әлемнің ең бай он адамының барлығы Америка Құрама Штаттарының азаматтары болып шықты.

Осылайша, француз кәсіпкері, LVMH компаниясының басшысы Бернар Арно алғашқы ондықтан шығып қалды. Оның орнын байлығы 144 миллиард долларға бағаланған америкалық инвестор Уоррен Баффет иеленді.

Тізімнің көшінде 919 миллиард доллармен Илон Маск тұр. Екінші сатыда — Google негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (286 миллиард доллар), үшіншіде — Amazon негізін қалаушы Джефф Безос (274 миллиард доллар).

Одан әрі Сергей Брин — 266 миллиард, Майкл Делл — 245 миллиард, Марк Цукерберг — 229 миллиард, Ларри Эллисон — 208 миллиард, Дженсен Хуанг — 181 миллиард және Стив Балмер — 172 миллиард доллармен орналасқан. Ондықты Уоррен Баффет түйіндейді.

Жалпы әлемдегі миллиардерлер саны 3 795-ке жетті, ал олардың қосынды байлығы 15,1 триллион долларға бағаланды.