Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ерлан Қарин жаңа орфографиялық сөздікті ұлттық жоба ретінде қарауды ұсынды

Вице-президент Ерлан Қарин жаңа орфографиялық сөздікті әзірлеуді ұсынып, оны ұлттық жоба ретінде қарауды қажет деп санайды. Сөздік соңғы рет 2013 жылы шыққан.

Ерлан Қарин жаңа орфографиялық сөздікті ұлттық жоба ретінде қарауды ұсынды
Сурет: inform.kz

Вице-президент Ерлан Қарин қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу қажеттігін мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты пікірталас бізге де жетті. Шын мәнінде, бұл — тіл мамандары мен әдеби ортаның ғана мәселесі емес. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл болғандықтан, әрбір сөздің айтылуы мен жазылуы мемлекеттік аппараттың күнделікті жұмысына да тікелей қатысты. Өйткені, қазір қазақ тілі кеңсе тіліне айналды. Сондықтан мұндай мәселенің бір ұшы бізге де тиетіні рас», — деп жазды Вице-президент.

Ол мемлекеттің қай сөзді қалай жазу керектігіне араласпайтынын, бұл — сала мамандары мен ғалымдардың жұмысы екенін атап өтті. «Біздің міндетіміз — осы істі тиімді үйлестіру. Сол себепті елімізде тіл саясатын жүргізіп отырған мекемелердің басшылары мен белгілі ғалымдарды жинап, аталған тақырып жөнінде пікір алмастық», — деді ол.

Талқылау барысында жаңа Орфографиялық сөздікті әзірлеу қажет деген шешімге келгендерін жеткізді. «Алдымен белгілі ғалымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, жаңа сөздік дайындалады. Ұсынылған еңбек Мекемеаралық комиссияда қаралып, бекітіледі», — деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ ол орфографиялық сөздік соңғы рет 2013 жылы шыққанын еске салды. «Содан бері қолданысқа қаншама жаңа сөздер қосылды. Қазіргі пікірталастардың бір ұшқыны да сонда жатыр. Бұл істе асығыстық танытуға болмайды әрі созып жүруге де уақыт жоқ. Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлегендей, жаңа Орфографиялық сөздікке де ұлттық жоба ретінде қарауға тиіспіз», — деді ол.

https://www.instagram.com/reel/DdHJa6xB3iT/