Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ШҚО-да 2 мыңнан астам мал иесі жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да 2 мыңнан астам мал иесі жауапкершілікке тартылды
Сурет: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында қараусыз жүрген мал үшін 2 мыңнан астам иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік полиция қызметі хабарлады.

Өңірде тәртіп сақшылары малдың қараусыз жүруін болдырмау, елді мекендер мен автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды жалғастырып келеді.

Бүгінгі таңда облыс аумағында иесіз жүрген жануарларды уақытша бағып-қағуға арналған 97 арнайы қора жұмыс істеп тұр. Рейд кезінде полицейлер қараусыз жүрген малды анықтап, олардың иелерімен түсіндіру әңгімелерін жүргізеді.

Есепті кезеңде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша 2 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және чиптеу жұмыстарына баса назар аударылуда. Бұл жануарлардың иесін анықтауға және малды ұстауға қатысты жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Полиция тұрғындарға малды қараусыз қалдырмай, белгіленген орындарда жаюды және жануарларды уақытылы сәйкестендіруді ескертеді. Қараусыз жүрген мал анықталған жағдайда «102» арнасына хабарласуға болады.