Еркебұлан Тоқтар балағат сөздері үшін 86 500 теңге айыппұл төлейді
Алматы прокуратурасы әлеуметтік желілерде танымал MMA жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтады. Бұл туралы ведомство хабарлады.
Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Прокуратура танымал болу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.


