Будапештте дзюдодан Grand Slam басталады: Қазақстан намысын 12 балуан қорғайды
Будапештте 11 қыркүйекте дзюдодан Grand Slam турнирі басталып, Қазақстан намысын 12 спортшы қорғайды. Үш балуан жарысқа қатыспайтын болды.
Венгрия астанасы Будапештте 11 қыркүйекте дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталады. Онда Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.
Алдын ала өтінімдегілердің ішінен үш балуан жарысқа қатыспайтын болды: Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Ғалымжан Қырықбай және Жантілек Нұртілепұлы (екеуі де 100 келіден жоғары).
Турнирге қатысатын спортшылардың соңғы тізімі:
- Ерлер, 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұраділ Әлжан
- 66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
- 81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов
- 90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов
- 100 келіге дейін: Асқар Біржанов
- Әйелдер, 48 келіге дейін: Диана Бүркеева
- 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова




