Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

16 жастағы оқушының өлімі: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

16 жастағы оқушының өлімі: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді
Сурет: aikyn.kz

16 жастағы мектеп оқушысының қайтыс болуына байланысты Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсініктеме жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, жасалған операция техникалық жағынан күрделі және жоғары дәлдікті қажет еткен. Алайда одан кейін науқастың жағдайы кенет нашарлап, медициналық мекеме шұғыл және қарқынды емдеу шараларын қолданған. Бұған қоса бейінді мамандар мен республикалық деңгейдегі сарапшылардың консультациялары ұйымдастырылған.

«Қазіргі уақытта медициналық көмектің уақытылығы мен сапасы, сондай-ақ асқынудың себептері жан-жақты зерделеніп жатыр. Тиісті құжаттар тәуелсіз бейінді мамандардың қатысуымен қаралады. Тексеру толық аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасауға негіз жоқ», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма жағдайды бақылауда ұстап отыр.