Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматы ауданында қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуде

Алматы ауданында қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуде
Сурет: aikyn.kz

Алматы ауданы әкімінің аппараты аудандық полиция басқармасымен және қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтау және олардың негізгі әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шаралар барысында қажетті құжаттарды қалпына келтіруге және рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Бұл азаматтарға болашақта ресми түрде жұмысқа орналасуға, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге және өз бетінше өмір сүруге қайта оралуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар азаматтардың медициналық тексеруден өтуіне жәрдем көрсетіледі. Бұл ықтимал ауруларды дер кезінде анықтауға, қажетті медициналық көмекке бағыттауға және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу бойынша профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталған жұмыс санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіз қалалық ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Мүдделі қызметтердің бірлескен жұмысы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, туындайтын әлеуметтік және санитариялық мәселелерді уақтылы шешуге бағытталған.