Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Әнші-композитор Ағайша Исағұлова өмірден өтті

Әнші-композитор Ағайша Исағұлова өмірден өтті
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әнші-композитор Ағайша Исағұлова 83 жасында дүниеден озды.

Ағайша Шермұхамбетқызы 1945 жылы 12 ақпанда Талдықорған маңындағы Ескелді ауданында туған. 1967 жылы ЖенПИ-ді (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітіріп, сол оқу орнында ұстаздық еткен.

Кәсіби музыкант, баяншы әрі колоратуралық сопрано иесі 1968 жылы «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблін құрушылардың бірі болды. Кейін бұл ұжым Кеңес Одағы мен шетелде танымалдыққа ие болды. 1978-1979 жылдары «Шаттық жыры» ансамблін ұйымдастырды.

1992 жылы Галина Карамолдаевамен бірге «Өнер – жастан» студенттік опера театрын ашты, ол бүгінге дейін жұмыс істеп келеді. Исағұлова 2001 және 2003 жылдары Майра Уалиқызы Шамсутдинова атындағы халықаралық байқауларды өткізді. Ол көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, екі рет «Үздік музыка мұғалімі» атанған.

Дінмұхаммед Қонаев Ағайша туралы: «Мен қазақтың екі-ақ қызын білемін. Біріншісі – Хафиза Әбуғалиева аккордеонмен ән салушы еді, екіншісі қарындасым Ағайша – баянда ойнап ән айтады. Бұл қыздар елімізге келген біртуар таланттар ғой», – деген екен.

Композитор ретінде 2001 жылы Ж.Жақыпбаевтың сөзіне жазылған «Көкпар» әні «Жаңа ғасырға – жаңа ән» байқауында Гран-приге ие болып, оның шығармашылық визит карточкасына айналды.

Ағайша Исағұлова Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Польша, Түркия және басқа елдерде өнер көрсеткен. Ол туған Ескелді және Кербұлақ аудандарының «Құрметті азаматы» атанған. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берген болатын.